«Еркемай KIDS» балабақшасында кіші жастағы балалардың дамуына, ортаға бейімделуіне және алғашқы дағдыларды меңгеруіне жағдай жасаймыз. Сабақтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойын, қимыл-қозғалыс және шығармашылық түрінде өтеді.
Даму бағыттары: сөйлеуді дамыту, қазақ және орыс тілдерімен танысу, сенсорика, ұсақ моторика, музыка, сурет салу және құммен ойындар. Балаларды өздігінен әрекет етуге, эмоцияларын тануға және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға баулимыз. Қосымша іс-шаралар: хореография, дене шынықтыру және тұзды шахтаға бару.
Iс-шаралар:
ХОРЕОГРАФИЯ
Би арқылы дене сымбатын, ырғақ сезімін және өзін еркін көрсету қабілетін дамытамыз.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Қимылды ойындар арқылы баланың ептілігін, төзімділігін және қимыл үйлесімділігін дамытамыз.
ТҰЗДЫ ШАХТА
Балаларға арнайы жабдықталған тұзды бөлмеде тынығып, тыныш ортада уақыт өткізуге жағдай жасаймыз.
ЛОГОПЕД
Ойындар мен жаттығулар арқылы балалардың сөйлеуін дамытып, дыбыстарды дұрыс айтуына және сөздік қорын молайтуына көмектесеміз.